Армения ҰҚШҰ-ға қатысуын уақытша тоқтатты

23 Ақпан, 09:26 894

Бұл туралы елдің премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты орындалмаған.

Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік келісімі, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалған жоқ, тиісінше бұл мәселені біз назардан тыс қалдыра алмадық. Біз бұл келісімге қатысуымызды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көреміз, - деді Пашинян.

Сонымен қатар ол Армения мен Әзербайжан арасында әзірге бейбітшілік орнауы мүмкін емес екендігін де айтты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: