Армения президенті Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды

16 Қазан, 16:44 419

Армения президенті Ваагн Хачатурян Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Армяндық «Бейбітшілік тірегі»: Оңтүстік Кавказдың ұлттық артықшылығы және тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Академияда Армения президентіне прокторинг элементтері бар Admission (қабылдау комиссиясы) ақпараттық жүйесі және iCademium (LMS) жүйесі көрсетілді.

Ваагн Хачатурян біліктіліті арттыру курстары тыңдаушыларының коммуникативтік дағдыларын арттыру мақсатында пайдаланылатын медиа-студияның мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ президентке үздіксіз білім беру платформасы және қашықтан оқыту курстарын жазуға арналған JALINGA бейнестудиясы көрсетілді.

Ваагн Хачатурян өз сөзінде Қазақстан мен Армения арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толғанын атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы достық қарым-қатынас ұзақ жылға жалғасатынына сенім білдірді.

Академия білім алушылары ақпаратты бірінші басшыдан алғаны маңызды. Бүгін тыңдаушыларға Арменияның геосаяси дамуы бойынша мағлұмат берілді. Президент Хачатурян өз сөзінде ел дамуының маңызды аспектілері: сауда қатынасының дамуы, логистика және халықаралық байланыстың дамуы мәселелеріне тоқталды, – деді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Академияның Дипломатия институтының магистранты кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Армения Президентімен кездесу Дипломатия институтының магистранттары үшін өте қызықты боды. Армения экономикасының, көлік-логистика саласының, ауыл шаруашылығының дамуы туралы біраз ақпарат алдық, макроэнокимикалық көрсеткіштерімен таныстық. Бұл ерекше сипатқа ие кездесу болды. Президенттің Академияға келіп, бізге дәріс оқуы – өзі атқандай ең бастысы, білімге назар аударатынын білдіреді, – деді Темірлан Сайлауұлы.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: