Армения Қазақстанның ұлттық саясатын жоғары бағалайды

23 Қыркүйек 2019, 19:38 2117

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың Арменияның Ұлттық жиынының төрағасы Мирзоян Арарат Самвеловичпен кездесуі өтті.


Армения Республикасының делегациясының құрамында Ұлттық жиын депутаттары, Қазақстандағы Армения Елшілігінің өкілдері болды. Екіжақты ынтымақтастық кездесу барысында Жансейіт Түймебаев мәртебелі меймандарды Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымымен, қызметінің мақсатымен таныстырды. Сондай-ақ, этностар мен ұлттардың мәдени құндылықтарын дамытуға, тілін, тұрмыс салтын сақтауға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Жансейіт Қансейітұлы Ассамблея тарапынан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты дамытып, нығайта түсуге үлес қосуға әзірлік танытты.

Өз кезегінде Армения Ұлттық Жиынының төрағасы Арарат Мирзоян мұндағы Армения қауымдастығының жұмысымен танысқанын және Қазақстан тарапынан аз ұлттардың дамуына жасалып отырған мүмкіндікті жоғары бағалайтындықтарын айтты.

Нұргүл Қалиева

 Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу: