Арманжан Байтасовтың медиапорталы Ресейде бұғатталды

27 Сәуір 2023, 16:33 914

Бұғаттау туралы шешімді «көрсетілмеген мемлекеттік орган» қабылдаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Arbat.Media порталы Ресейде бұғатталды. Бұл туралы сайт қызметкерлері мәлімдеді.

Біздің порталды Ресей аумағында бұғаттау туралы шешімді «көрсетілмеген мемлекеттік орган» қабылдаған. «Роскомсвобода» болжамынша, әңгіме елдің Бас прокуратурасы жайлы, - деді Arbat.Media тілшілері.

БАҚ өкілінің мәліметінше, 2023 жылғы 17 ақпанда Arbat.media-ны Украина жайлы мақалаға байланысты Владимир қаласының Ленин аудандық сотына шақыртқан.  

Басылым «Украинадағы соғыс туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқаны» үшін айыпталған.

2022 жылғы қарашада Роскомнадзор Arbat.Media-дан «арнайы операциядағы» жағдай туралы жазылған мақаланы өшіруді талап еткен.  

Arbat.Media-ның бас редакторы Сырым Итқұловтың айтуынша, сайт оқырмандарының 40%-ін ресейліктер құрайды.

Айта кетейік, Қазақстандағы ықпалды кәсіпкерлердің бірі Арманжан Байтасов Arbat.Media-ның таныстырылымын 2022 жылғы 15 наурызда өткізді. БАҚ Tan Media Group-тің құрамына кіреді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: