Арман Дәулетияров Президент Телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды

15 Маусым 2023, 19:00 805

Белгілі медиа-менеджер Арман Дәулетияров ҚР Президентінің Телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәулетияров - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Муз-ТВ телеарнасының бұрынғы жетекшісі, кәсіпкер, психология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, медиа менеджер, тележүргізуші, ТЭФИ сыйлығының иегері.

Арман Дәулетияров Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, Ресей Федерациясының «Достық» орденімен марапатталған.

EL.KZ
Бөлісу: