Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин туған ағасы Арғын Нығматулинге тағылған айып белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің Бас прокуратурасы 69 жастағы оның қандай іс бойынша күдікке ілінгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеуде. Сондай-ақ, аталған істе тағы бірнеше күдікті бар болуы мүмкін.
Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Арғын Ниғматулин мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Ниғматулин күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды», - деп жазылған прокуратура таратқан ақпаратта.
Бұрын Мәжіліс және Сенат дептуты болған ағайынды Нұрлан мен Ерлан Нығматулиндердің туған ағасы Арғын Нығматулин Қарағандыда «Сарыарқа» хоккей клубының құрып, басқарған. Ал 2018 жылы аталған клубтың басшысы қызметінен кеткен көрінеді.