Аргентина президенті Марадона мен Месси арасында үздігін таңдады

21 Ақпан, 10:16 788

Аргентина президенті Хавьер Милей «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси мен «альбиселесте» аңызы Диего Марадонаны салыстырып, екеуінің арасында үздігін таңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марадона мәңгі есте қалатын сәттер сыйлаған керемет футболшы болды. Бірақ, меніңше, ол үздік болған жоқ. Сөйте тұра оны адами тұрғыда сынау әділетсіз еді деп санаймын, себебі әр адам өз өміріне өзі қожайын.
Месси – барлық дәуірдің ұлы ойыншысы. «Месси. Мүмкін емес» кітабында оның футболда неліктен үздік екені тәптіштеп айтылған. Ол феномен, — Милей AS-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Хавьер Милей Аргентина президентінің лауазымына 2023 жылғы желтоқсанда сайланды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: