Аргентина — Франция: Қазақстандықтар жарысты қайдан көре алады

18 Желтоқсан 2022, 13:00 2676

Матчының тікелей трансляциясы сағат 21:00-де басталады

18 желтоқсанда Лусаил қаласында Аргентина мен Франция құрамалары футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Аргентина - Франция матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталып, Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көруге болады.

Айта кетейік, кеше үшінші орын үшін матчта Хорватия құрамасы Марокконы 2:1 есебімен ұтқан еді. 

EL.KZ
Бөлісу: