14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Майамидегі «Хард Рок» стадионында Америка кубогының финалында Аргентина мен Колумбия құрамалары кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл матч тәртіпсіздіктерге байланысты 1 сағат 20 минутқа кешігіп басталды.
Аргентинаның 37 жастағы капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси матчтың 65-минутында – есеп 0:0 кезінде алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ол алаңның ортасында колумбиялық футболшы Луис Диаспен допқа таласта жарақат алып қалды. Бұған дейін біріншің таймның аяқталар тұсында Месси колумбиялық қорғаушы Сантьяго Ариаспен соқтысып, жарнама ілулі тұрған қоршауға барып соғылды, бірақ тиісті медициналық көмектен соң матчты жалғастырған. Осыдан соң «Алтын доптың» сегіз дүркін чемпионының қосалқы құрам ойыншыларының жанында жылап отырған суреттері тарады.
Ал ойынның тағдыры тек қосымша уақытта шешілді. Екі құрама да негізгі уақытта бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Матчтың 112-минутында жартылай қорғаушы Джовани Ло Чельсодан пас алған шабуылшы Лаутаро Мартинес Аргентинаға жеңіс сыйлады.
Месси үшін бұл ұлттық құрамамен еншілеген төртінші чемпиондық атағы. 2021 жылы Америка кубогында топ жарса, 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Одан қалды 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram