Егер мықты ұйымдасқан қылмыстық топ болса, аты шыққан жігіттер болса, еститін едік қой. Қазақстанда 1990-шы жылдардағы аты шыққан жігіттерді бәріміз білеміз. Көшеде кім төбелеспей жатыр қазір?, - деді мәжілісмен.
Сонымен қатар депутат Хасан Қасымбаевқа қатысты сауалға жауап берді.
Менің хабарым жоқ. Желіге шыққан Шерзаттың өлімінен кейін барлығы Хасан істеді, оның қылмыстық тобына кіретін жігіттер жасады деп жатыр.Мұның бәрін құзыретті орган зерттеуі керек, - деді Назаров.
Айта кетейік, кеше ӨКҚ брифингінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов «Хуторские» қылмыстық тобы жоқ екенін мәлімдеді.