Бас прокурор Берік Асылов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура қабылдап жатқан кешенді шаралар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдан бастап Бас прокуратураның бастамасымен еліміздің барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және уақтылы көмек көрсетуге бағытталған екі жоба – «URPAQ» және «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жүзеге асырылуда.
Белгілі болғандай, «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында прокурорлар балаларға қатысты қауіп немесе зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін 63 мыңнан астам отбасына барды.
Жұмыс нәтижелері:
Тексерулердің нәтижесінде:
Ал «URPAQ» жобасы отбасылардағы жасырын зорлық-зомбылық түрлерін анықтауға бағытталған. Ол зардап шеккендерге психологиялық және заңдық қолдау көрсету бойынша кешенді көмекті қамтиды.
Әр бала көмек әрдайым қасында екенін және ол қиындықпен жалғыз қалмайтынын білуі керек, – деді Берік Асылов.
Жоба нәтижелері:
ШҚО-да екі буллинг фактісі тоқтатылды: 12 жастағы балаға жасалған қорлық және колледж студентіне көрсетілген қысым. Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылып, профилактикалық жұмыс жүргізілді;
Қорқытып ақша алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Мысалы, 16 жастағы студент жасөспірімдерден ақша талап етіп, оларға пышақпен қоқан-лоқы жасаған. Басқа мектепте жоғары сынып оқушылары 7-сынып оқушысынан ақша бопсалаған. Кінәлілер мектепішілік есепке алынып, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бейжай қарауға болмайтын фактілер
Қысқа уақыт ішінде оқушылар мен мұғалімдер тарапынан орын алған бұзақылық пен буллинг туралы 1 809 хабарлама түсті.
Тексеру нәтижелері бойынша:
Берік Асылов осы жұмыстың маңыздылығын атап өтіп:
Қазақстандағы әрбір бала өзін қауіпсіз сезінуі керек. Біз олардың құқықтарын қорғау және бақытты балалық шақты қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз, - деді.