Қарашай-черкес және қабарда-балқар этномәдени бірлестігінің мәдениет күні

12 Маусым 2018, 02:16 4104

Облыстық этномәдени орталықтар тек қана барша ұлт пен ұлыстың ынтымағын дамыта отырып, облыс аумағын мекендейтін ұлттардың ана тілін дәріптеп, жастарының өз салт-дәстүрін қастерлей білуіне ықпал етіп отыр. Солардың бірі — баршаңызға танымал «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балкар мәдени орталығы.

Жуырда «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивал аясында қарашай-черкес және қабарда-балқар мәдениеті күні өтті. Мерекені шашу дәстүрімен ашып, концерттік бағдарламамен жалғастырды. «Теберда», «Мингни Тау» және ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары өздерінің әдемі әндері мен билерін барлық павлодарлықтар назарына ұсынды. Сонымен қатар көрермендер мен қонақтар үшін қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Сейсембай Жетпысбаев өз құттықтау сөзінде «Эльбрус» этномәдени бірлестігінің төрайымына М. Байрамкулованы ерекше атап, бірлестіктің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол этномәдени бірлестігінің белсенді қатысушыларын алғыс хаттарымен атап өтті.

«Бүгін біздің мәдениетімізді сақтауға мүмкіндік беріп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ақылгөй саясатына ризашылығымыз шексіз. Бүгінгі мереке отбасыларыңызға бақыт, қуаныш және сәттілік әкелсін», — деді мереке соңында «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балқар этномәдени бірлестігінің төрайымы Мариям Байрамкулова.

Диана Нурсарина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: