«Арандатушылықпен айналыспаңыз». Алматыда АЭС бойынша қоғамдық талқылау өтіп жатыр

16 Тамыз, 10:15 739

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров қоғамдық талқылауды бұзуға тырысқан белсендіге дәйектерді түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның басында регламент түсіндірілді: баяндамашылар сөз сөйлегеннен кейін барлық қатысушы өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және оларға жауап алуға мүмкіндік алады.

Алайда «Қазақстан халқы АЭС референдумына қарсы» қағазын ұстаған белсенділердің бірі сөз сөйлеушілердің сөзін бөліп, орнында тұрып айқайлай бастады. 

Жапаров одан іс-шара ережелерін сақтауды сұрады, қатысушыларды құрметтеуге шақырды, әркім сөз алатынын атап өтті.

Қазақстан халқы 20 миллион, бүкіл халықтың атынан сөйлеуге сізге ешкім мандат берген жоқ. Арандатушылықпен айналыспаңыз, мұндай әрекеттерді жасамаңыз. Мен де Қазақстан халқымын, - деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: