Аралды құтқару мәселесі талқыланады: Тоқаев «Қасри Миллат» сарайына барды

15 Қыркүйек 2023, 12:48 704

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін «Қасри Миллат» сарайына барды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: