Аралас жекпе-жек спортында (ММА) өнер көрсететін америкалық Шелли Лэп 21 жасында жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Mirror-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Полиция апат кезінде спортшы қауіпсіздік белдігін тақпағанын айтты.
Өзім кездестірген адамдардың ішінде Шелли шынымен де ұлылыққа ұмтылған санаулылардың бірі болды, - деді Лэптің жаттықтырушысы Эрик Суини.
20 мамырда Лэп АҚШ-тағы Іgnite No Mercy 11 аясында жекпе-жек өткізуі керек болатын.
Спортшы қыз мансабында үш жеңіске жетіп, екі рет жеңіліске ұшыраған.