Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі туралы

18 Маусым 2014, 07:11

Музей – ұлттың ұлылығын ұлықтайтын қасиетті мекеме.

Музей – ұлттың ұлылығын ұлықтайтын қасиетті мекеме.  Ұлттық құндылықтарымыздың сақталатын да, халыққа таныстырылатын да бірден-бір орны музей дейтін болсақ кез-келген елге барғанда адамдар сол елдің тамыры тереңде жатқан тарихымен танысу үшін музей аралайтыны белгілі.

Осындай тамыры тереңде жатқан небір құнды  жәдігерлер сақталған, аудан тарихынан сыр шертетін киелі мекен – Арал аудандық тарихи-өлкетану музейі.

Арал ауданында 1930 жылдары музей ашылып, 1947 жылы белгісіз себептермен жабылып қалған. Оның экспонаттары облыстық музейге тапсырылған.

Жаңадан ауданда музей ашу жөнінде көпшілік қауымнан ұсыныс- тілектер көп болды және аудандық мәдениет бөлімі 1970 жылдан бастап музей ашуды алдына мақсат етіп қойды.

Көп жылғы еңбектің нәтижесінде ауданымызда дербес мемлекеттік музей ашу туралы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 5 тамыздағы қаулысы шықты, сөйтіп 1988 жылы 21 –ші маусымда аудандық тарихи-өлкетану музейі  салтанатты түрде ашылды.

Жасыратыны жоқ, жаңадан музей ашу оңай болмаған, себебі ел арасында көненің көзі ескі дүниелер табыла бермейді, өсіп-өнген өлкеміздің өткен дәуірлердегі шежіресінен сыр шертетін деректі құжаттар мен дүниеле табыла қоймаған. Сонда да болса аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Құдайберген Жасекенұлы (осы музейдің алғашқы директоры) тәуекелге бел байлап ұйымдастыруға бастама жасады. Мәдени-ағарту қызметкерлері және көпшілік қауым бастамаға түгелдей қатысты. Олар үй-үйді аралап, тарихи экспонаттар, құжаттар, мәліметтер жинауға кірісті.      

Алғашқы жылдары 3 мыңға жуық экспонаттар жиналса, кейіннен жыл сайын 200-300-дей экспонаттар жинастырылып, жаңадан залдар безендірілді.

Бүгінгі таңда музейде 8900-ге  тарта жәдігерлер бар, олардың екі жарым мыңнан астамы көрме залдарына орналасқан. Музей негізінен 6 көрме залдарынан тұрады.

1.Этнография және археология - залына тартылған теңіз ұлтанынан табылған ертедегі жәндіктердің қаңқалары, тасқа айналған денелері, бұрынғы ата- бабаларымыздың ұстап- тұтынған мүліктері, Қазақтың ұлттық, тұрмыстық бұйымы – қазан. Қазанда Тоқабай елді мекенінің тұрғыны Түлкібай Әбжәмиев берген. Ол қазанды «Өмір» бөгеті деген жерден құдық қазып жүрген жерінен тауып алған. «Өмір» бөгеті Кіші жүз аталығының жайлауы болған. Киім-кешектері аналарымыз бен қыз-келіншектердің әшекей бұйымдары, ұлттық әуендік аспаптар, елге белгілі, кезінде қара қылды қақ жара әділ билік айтып, ел намысын қорғаған, жақайым Жетес бидің шәйнегі,Қазалы уезінің генерал-губернаторы Жетес биге сыйға тарту еткен, тұтынған сандығы.Қазақ батыры, сыр бойы қазақтарының Хиуа,Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа Нұрмұхамбетұлына арналған стенд, Арал ауданының азаматы, күйші, Қапар Жармағамбетовтың әкесі, атақты тігінші Жармағанбеттің «Зингер» тігін машинасы, сауда-саттық, Орынбор- Ташкент теміржолының салынуы жәйлі деректер, жәдігерлері орналасқан 

Бөлісу: