Қарағандыда әйелдер бизнесін дамытуға арналған грант табысталды

19 Қыркүйек 2019, 11:16 2621

Қарағандының Достық үйінде «Дарынды ана. Ана өмірінің бейнесі» I форумы аясында облыстық ҚХА Аналар кеңесі өкілдерінің қатысуымен әйелдер бизнесін дамытуға бағытталған 1 миллион теңгенің грантына қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Жобаның авторы – жеті баланың анасы, «Алтын алқа» төс белгісінің иегері, балабақшалар желісінің негізін қалаушы және мектепке дейінгі білім берудегі алғашқы Қазақстандық франшизаның авторы, аймақтық Ассамблеяның Аналар кеңесінің мүшесі Айнагүл Хамитова.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың мамыр айында алғаш рет қалалық форум өткізіліп, оған 500-ден астам әйел-аналар қатысқан болатын. Форумда аталған грантты алуға конкурс жарияланды. Барлығы 30 өтінім келіп түссе, оның ішінде 3 жоба финалға жетті. 3 ай ішінде қатысушылар арнайы оқыту курсынан өтіп, өз бизнесін дамыту және кеңейту бойынша бірқатар кездесулер мен кеңестер алды

Нәтижесінде грант үш ай ішінде әйелдер сырт киімдері бойынша шағын бизнесін сәтті бастаған Дана Қайроллаеваға табыс етілді. Ол болашақта алынған қаражаттың көмегімен жұмысын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. 


«Біз облыстық Ассамблеямен, атап айтқанда Аналар кеңесімен бірлесе отырып, қазіргі таңда көп балалы және жалғыз басты аналар үшін ынталандыру бойынша тұрақты тренингтерді, оқыту семинарларын, лекцияларды, кездесулер мен бала сүюмен оны толыққанды тәрбиелеу, сондай-ақ өз ошағы бойынша әйелдердің қамқорлығын біріктіре отырып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша әйелдерге арналған шеберлік-сыныптарын өткіземіз.

Әйелдерге арналған онлайн және оффлайн алаңдары құрылды, онда өздерін және бала мен отбасын дамытудың оңтайлы келешегі қалыптастырылады. Кковоркинг орталығы жобасы әйелдерге дүниетанымын және қоршаған ортаны жобалау мен жаңғыртуға көмектеседі», – дейді аталған шараны ұйымдастырушы Айнагүл Хамитова

Бөлісу: