Қарағандыда Вайнах мәдениеті мен дәстүрі ұлықталды

29 Қазан 2018, 12:08 2298

Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Б. Алтынбеков нәзік жандыларды «Вайнах әйел күнімен» құттықтап, зор денсаулық, еңбекте табыс тіледі.

«Жер бетіндегі бейбітшіліктің, келісімнің тілекшісі – Ана. Анаға жасалған құрмет баршамызға жасалған құрмет. Ана жыламасын. Ана бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербеген тіршілік иесі. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда, себебі сіздер арқылы бала адамгершілік-рухани қасиеттерді бойына сіңіреді».

Вайнах әйелдер атына ҚХА мүшесі, "Достық" орденінің кавалері, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы У. Джанаев құттықтау сөз арнады.

«Ананың аты барлық халықтарда, барлық құрлықтарда қасиетті. Әйел-ана өзіне рухани әлеует алып, уақыт байланысын бейнелейді. Ана тек ұрпақты  жалғастырып қана қоймай, өмір бойы жүрегімізді жылытатын шуағын алып келеді. Вайнах әйелінде, сыртқы сұлулықпен қатар, белсенді өмір ұстанымы, ақылдылық, батылдық, төзімділік, сөзге адалдық, шыншылдық,  ұстамдылық сияқты ер адамның қасиеттері бар.

Құрметті Вайнах әйелдері! Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын. Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілеймін. Өмірде әйел жаққан шырақ сөнбесін! Сіздерге бейбітшілік пен тыныштық тілеймін».

Іс-шара барысында қатысушылар өз өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп, қонақтарды Вайнахтардың мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырды.

"Вайнах" жексенбілік мектебінің шешен тілінің оқытушысы Р. Исраилова ұлттық тағамдарымен, ал А. Галаева Вайнах халқының ұлттық және дәстүрлі киімдерімен таныстырып өтті.

Қонақтардың алдында "Хайдакъ" би ансамблі, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дана Макшонова және халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің лауреаты Серік Көшкінбаев өнер көрсетті.

Мерекенің соңында кешқа қатысушылар алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу: