Қарағандыда поляк фильмдерінің фестивалі өтуде

13 Қыркүйек 2019, 17:26 2821

Қарағандыда екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Висла» поляк фильмдерінің фестивалі 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Алғаш рет 2008 жылы Мәскеудің «Художественный» кинотеатрында өткізілген шағын жоба 2018 жылға қарай 14 елдің 40-тан астам қаласын қамтыды. Бүгін көрермендерге режиссер Денис Деличтің «Эскадрилья 303» тарихи драмасы ұсынылды. Фестивальдің ашылуына Польша Республикасының Қазақстандағы елшісі Селим Хазбиевич арнайы келді.


«Бұл Қазақстан мен Польша арасындағы ара қашықтықтың алшақтығына қарамастан халықтар арасында бір-біріне қызығушылық танытудың айқын бір мысалы, біз өзара жарқын да жақын жасампаз қарым-қатынастарымызды одан әрі өрістете түсуге мүдделіміз», - дейді Қарағанды облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский. Фестивальді ұйымдастырушылар көрермендер назарына драмалық, тарихи және комедия картиналарын ұсынуда.

«Поляк киносының фестивалі - бұл достық пен келісімнің және этностар арасындағы бірлік пен толеранттылықтың көрінісі», - дейді облыстық ҚХА мүшесі, фильмнің көрсетілімі жүріп жатқан «Сарыжайлау» кинотеатрының директоры Рымбала Омарбекова.

Бөлісу: