Қарағандыда поляк әдеби кеші өтті

12 Қыркүйек 2019, 09:07 2638

Қарағанды облысының «Polonia» поляк қоғамы «Халық оқулары» халықаралық акциясына қатысты.

Достық үйінде қатысушыларды қарсы алған поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский шараның маңызына тоқталып, көркем әдебиет оқу  адамның тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуында маңызды роль атқаратынын атап өтті. 

 

Бұл кеште аталмыш қоғамның барлық өкілдері, қонақтар мен поляк тілінің оқытушылары  поляк авторларының шығармаларынан үзінділер оқыды.

«Шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Көркем шығарма оқу біздің игі дәстүрімізге айналды, өте қызықты өтуде әрі танымды, әсіресе біздерге, өскелең ұрпаққа», - дейді поляқ қоғамының белсенді жастары.   

2012 жылы бастау алған шара биыл  сегізінші мәрте өтуде. Әдеби кеш шығармаларды талқылаумен аяқталды. 

Бөлісу: