Қарағандыда «Литвалықтардың мәдени мұрасы» мерекесі өтті

27 Маусым 2018, 03:22 2711

2018 жылдың 26 маусымында Литва этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Литвалықтардың мәдени мұрасы. Қазақстандағы литвалықтар» атты мерекелік іс-шара өтті.
Айтулы шараның мақсаты – қоғамдағы келісім мен жалпыұлттық құндылықтарды өркендетуде, аймақта тұрып жатқан этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға қолғабыс ету бағытында облыс көлемінде атқарылып жатқан игі істердің бір парасын насихаттай отырып, халықтар достығын нығайтуға, ел бірлігін сақтауға аталған этномәдени бірлестік мүшелерінің қосып отырған үлесін жария ету.

Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы ҚХА төрағасының орынбасары, «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тварионас Виталий Ионо, Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Науджужас және Литва Республикасының Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Регимантас Гецявичус, Қарағанды облысы ҚХА, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Құсайын қатысты.

Салтанатты басқосуда ортақ іске өзіндік үлес қосып жүрген этномәдени бірлестіктер мен белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табысталып, шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласты. Шараға қатысушылар литва ұлттық асханасынан дәм татты.

 Сондай-ақ, Литвалықтардың мәдени мұрасы шеңберінде өткізілген келелі басқосудың құрметті қонақтары мен этномәдени бірлестіктің өкілдері Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйіндегі «Шабыт» көркемсурет галереясындағы қолданбалы өнер туындыларын тамашалап, мұражайды аралап, ондағы жәдігерлермен танысты.

Бөлісу: