Қарағандыда коммуналдық шығын қымбаттады

4 Қазан 2022, 05:39 1895

Енді есептегіш құрылғы бойынша төлейтін тұрғындар үшін жылудың әр гигаколориясы 3729 теңге 73 тиын болып бекітілді. 

Қарағандыда жылу мен ыстық судың тарифі бірден 10 процентке қымбаттады, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Енді есептегіш құрылғы бойынша төлейтін тұрғындар үшін жылудың әр гигаколориясы 3729 теңге 73 тиын болып бекітілді. Ал пәтердің аумағына қарай төлейтендерге 1 қазаннан бастап әр шаршы метрі 126 теңге 81 тиын болып есептеледі. 

Сонымен қатар ыстық судың бір текше метрі 395,73 теңгеге өсті. Бағаның көтерілуіне бірнеше себеп бар.

Тариф негізі жыл басында көтерілу керек еді. Алайда 6 айға мороторий жарияланып, уақыты енді ғана аяқталды. Бұл жоспарлы жұмыс, қоғамдық тыңдау өтіп, тұтынушылармен келісілген баға. Енді 2027 жылға дейін жылу тарифі жыл сайын шамамен 7-8 процентке қымбаттап отырады. Себебі қаланы жылумен қамтитын мекеме қызмет құнын өсіріп жіберген - дейді табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Данияр Сырымбетов. 

EL.KZ
Бөлісу: