Қарағандыда ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің аумақтық форумы өтті

11 Сәуір 2018, 01:36 1748

10 сәуір күні Теміртау қаласында Қарағанды облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің аумақтық форумы өтті.

Күн тәртібінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-нда Қоғамдық келісім кеңесін құру туралы мәселелер қаралды.

Қоғамдық келісім кеңесін құрудың мақсаты – Қазақстан дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу бойынша күш-жігерді интеграциялауды қамтамасыз ету, реформа бағдарламаларын орындаудың басты шарты ретінде тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.

Іс-шараны комбинаттың ардагері А.Жақыпбеков ашып, жүргізіп отырды.

Кездесу барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Борисович Басин сайланды. Қоғамдық келісім кеңесінің құрамына 20 адам мүше болды.  

Бөлісу: