Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің форумы өтті

28 Сәуір 2019, 00:00 2461

Қарағандыдағы Достық үйінде «Елдің тарихы-халықтың тарихы» тақырыбындағы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің облыстық форумы өтті. 

Басқосудың модераторы ретінде сөз алған Жезқазған қаласы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының  мүшесі, Қазақстан және Ресей Жазушылар Одағының мүшесі Зинаида Чумакова  алқалы жиынның  маңызын түсіндіріп,  әр өңірде  өз істерін ілгерілетіп, тыңғылықты жұмыс атқарып жүрген қыз-келіншектерге алғысын білдірді. Жиынға қатысушылар әлеуметтік мәселелердегі аналар рөлін анықтп, отбасы және неке институтын нығайтып, ел ішіндегі ажырасудың алдын алу, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жәрдем беру, аналар арасында кәсіпкерлікті дамыту, өз саласында табысқа жеткен аналардың тәжірибесімен бөлісу мәселеелрін ортаға салды.

Форумның алғашқы спикері  облыстық Ассамблеяның Аналар кеңесі төрайымы Жанар Кенжегалиева баяндамасында әлеуметтік мәселелерді шешудегі аналар кеңесінің рөліне ерекше тоқталды.

Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қорлан Бекимова отбасы және неке институтын нығайтудың өзекті мәселелері, ажырасудың алдын алу мәселелерін қозғады.

«Нұр Отан» партиясы Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Юлия Бадинаның өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тарту туралы қсыныс жасады.

Форум соңында  облыс басшысының орынбасары Асхат Аймағамбетов ел ықыласына бөленген аналарды мақтау қағаздарымен марапаттады. 

Бөлісу: