Қарағанды облысының кәріс этномәдени бірлестігі кәріс жастарының Слетін өткізді.
Слеттің модераторы – Қарағанды облысының кәріс этномәдени бірлестігі төрағасы Лилия Ким кіріспе сөз сөйлеп, жастар қозғалысы қызметіне қысқаша тоқталып өтті.
Іс-шара барысында Корей халқының ұлттық, заманауи әндері мен билері көрермендер назарына ұсынылды.
Слет аясында Қарағанды облысының мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттері өздерінің университеттерін таныстырып, корей этномәдени бірлестігінің қызметіне шолу жасады.
Іс-шараның құрметті қонақтары Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблея төрағасының орынбасарлары Бекзат Алтынбеков пен Деспина Касапиди, Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім "КММ директоры, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының төрағасы Александр Урмашов мерекеге қатысушыларға құттықтау сөздерін жолдады.
Іс-шара барысында Қарағанды қаласының жетекші жоғары оқу орындарының студент жастары бас қосып, арасындағы белсенді, таланттылары Ассамблеяның қатарын толықтырды.
Слет жастар командаларының арасындағы боулинг спорттық ойын жарысымен аяқталды.