Қарағандыда қазақ тіліне қатысты республикалық семинар өтті

20 Қыркүйек 2018, 04:14 2108

 Қарағанды қаласындағы Достық үйінде мемлекттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған «Қазақстанның болшағы-қазақ тілінде» деген атпен республикалық семинар өтті.

Шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ш. Шаяхметов атындағы «ТІл-Қызына» ұлттық ғылыми-практикалық ораталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді.

          

Шара алдында келген қонақтар Достық үйіне экскурсия жасап, мұражайды аралады. Мұражай қызметкері Мүгілсім Шибаева мұнда қойылған экспонаттар – этностардың ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдарымен таныстырып, олар туралы толық ақпарат берді.

Семинарға қатысушылар қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық болмысымызды бабалар тілімен жеткізу, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, рухани мәдениетімізді көтеру, қазақ тілін латын қарпіне көшіру маңыздылығын жеткізу төңірегінде ой қозғады.

Сондай ақ, алқалы басқосуда облыс өңірлеріндегі идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және тағф басқа турасында сөз қозғалып, пікір алмасты.

Облыс орталығындағы зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер мүшелері, жастар, студенттер мен мектеп оқушылары, ақындар орамды ойларын ортаға салып, латын әліпбиіне көшуге қолдауларын білдірді.

Бөлісу: