Қарағанды жастары блогингтің дамуы туралы ойларын ортаға салды

17 Маусым 2019, 11:51 3147

Ғаламторды тиімді пайдаланып, өздерінің бүкіл шығармашылығын осыған арнап жұмыс жасап жүрген жандардың бірі – осы блогерлер. Блогерлердің Халықаралық кәсіби мерекесі 14 маусымда атап өтіліп жүр.

Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы осы күнді пайдаланып, жүз мыңға тарта оқырманы бар қазақстандық танымал блогер Виталий Бужанмен тікелей трансляцияда Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының, этномәдени бірлестік өкілдері және жас блогерлердің қатысуымен онлайн сұхбат өткізді.


Виталий Бужан жас блогерлерге, ең алдымен, оқырмандары мен жазылушыларының жас ерекшелігіне, ортақ қызығушылықтарына мән беру керек екенін және де, ең маңыздысы, парақшаңдағы жазылушыларыңның саны емес, жасап жатқан дүниеңнің сапасы болатынын айтты.

«Пиар жасау үшін не істеу керек?» деген сұрағына блогер «Не жасасаң да алдымен шынайы болуды үйрен, сонда ғана сені еңбегіңді басқалар бағалай алады және соғұрлым желідегі парақшаңыз сұранысқа ие болады», деді. 

Блогер барлық қатысушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, пікір алысты.

Тағы бір атап өтетіні, кездесуде аса қызығушылық танытқан «Белсенді өмір» орталығының мүшесі, жетпіс бес жастағы Раиса Михайлова да біраз кеңес алды. Әзірбайжан орталығының мүшесі Ханануз Расулова әлеуметтік желідегі постыңа негативті коментарийлер жазылатын болса, қандай амал қолдануға болады деген сұрақ қойды. Оған Виталий Бужан «Кейбір хэйтерлер өзінің танымалдылығын арттыру үшін әдейі жасауы мүмкін немесе қазіргі сөзбен айтсақ қара пиар жасау үшін болуы мүмкін», деді. Ол мұндай жағдайда коментарий жазушыға мәдениетті сыпайы түрде жауап қайырып, ақпаратты толық тағы да оқып шығуына кеңес беру керек деді. 

Шараға жиналған жас блогерлер әрқайсысының өзінің әлеуметтік желілерде жеке жүргізетін видео блоктары бар екенін айтты. Ол видео блогтарды қалай монтаждау керек, неден бастау керек екеніне де жауап ала алды. Аудиторияның қызығушылығына қарағанда бұл шара алдағы уақытта жалғасын табады деген сенім бар.

Кездесу соңында жауап алынбай қалған сұрақтарға «Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығының» маниторинг бөлімінің жетекшісі Алена Фрибус жан-жақты толық түсінік берді. 

Бөлісу: