Қарағанды облысының этномәдени орталықтарының арасында әлеуметтік зерттеу жүргізілді

29 Тамыз 2018, 06:37 2059

 

Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қарағанды облысы этномәдени орталықтар мүшелерінің қатысуымен «Қазақстандағы этностарды мәдени біріктіру» тақырыбында әлеуметтік зерттеу ұйымдастырылды.

Аталған зерттеуді философия ғылымдарының докторы, Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар мен  әлем тілдері университетінің өлкетану кафедрасының  профессоры Рүстем Қадыржанов сұхбат-фокус- топ форматында өткізді.

 Сұхбат аясында иерархиялық мәдени біріктіру, қазақ тілі мен Қазақстандағы этностардың маңызы  талқыланды.

Отырыс барысында әзірбайжан,  еврей, неміс, украин шешен-ингуш этно-мәдени орталықтарының өкілдері белсенділік танытты.

Шараны ұйымдастырушылар шара соңында Достық үйіне ұлтаралық татулық пен келісім жайлы кітапшалар табыстады.

 

Бөлісу: