Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарының еркітілері жалпыхалықтық қар тазалау акциясына қатысты

28 Қаңтар 2020, 11:44 3472

Толассыз жауған қардың салдарынан коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге тура келгендіктен, Қарағанды облыстық Ассамблеяның еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штаб өкілдері елімізде қар тазалау бойынша өткен жалпыхалықтық акцияға үн қосты.


«Сенбілікке зор ынтамен қатысудамыз. Мұндай игі шаралар бізді жақындата түседі. Биылғы жылдан бастап біз ҚХА-ның арнайы бағыттарға арналған жобаларын іске асыратын боламыз. Соның бірі - «Бірлік» әлеуметтік бағыты. «Дәл қазір және осы жерден табылу» біз үшін маңызды. Барлық жерлестерімізді немқұрайлы болмай, қажет игі істе бас қосуға шақырамын. Қаламыздың тазалығына ат салысайық! Біз – Біргеміз!»,- дейді волонтерлер қозғалысының төрағасы Дамир Меңдібеков.


Солтүстік Қазақстан облысының еріктілері мен жастар ұйымдары астаналық #BizBirgemiz челленджінен шет қалмады.


Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер қозғалысы орталығының, «Jas Otan» ЖҚ СҚОФ, «Жас Сарбаз» жастар бірлестігінің белсенділері #BizBirgemiz челленджін қолдап, жалғыз тұратын қарт зейнеткерлердің аулалық аумағын тазалауға ат салысты. Балалар аулада және сырт жақта қар жинауға көмектесті, одан кейін челленджді облыстың басқа жастар ұйымдарына тапсырды.


Естеріңізге сала кетейік, демалыс қарсаңында белгілі қазақстандық әртіс Тұрсынбек Қабатов барлық немқұрайлы қазақстандықтарды шақырып, қарды тазалау бойынша #BizBirgemiz челленджін бастады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер жылы акцияның өзектілігін атап өтіп, бастаманы зор ықыласпен қабылдады.

#BizBirgemiz челленджі бір күндік акция емес. Еріктілер әрі қарай да көмекке мұқтаж жандардың барлығына көмек көрсетуді жалғастыра бермек.

Еске салайық, өңірлік Достық үйлерінің негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілер қозғалысының орталықтары құрылған болатын. Алғашқысы республика бойынша Қарағанды қаласының Достық үйінде ашылды.


Бөлісу: