Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халқына Жолдауын талқылауға арналған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптама тобының отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2017 жылда облыстық ҚХА Ғылыми-сараптама тобының атқарылған жұмыстары туралы есебі және 2018 жылдың жұмыс жоспары нақтыланды.
Іс-шараға облыстық ҚХА ҒСТ мүшелері, жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Отырыстың модераторы ретінде облыстық ҚХА ҒСТ төрағасы В.Б.Молотов-Лучанский аталған алқалы жиынды жүргізіп, қатысушыларға Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтар күні Қазақстан халқына Жолдауындағы сөздерін айтып кетті: «Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек», - деп атап өтті.
Жиын барысында бірқатар ұсыныстар айтылды: облыстық ҚХА ҒСТ ақпараттарын кеңінен шолу мақсатында мобильді қосымшалар құру, түрлі тақырыптарға байланысты шеберлік сыныптарын ұйымдастыру, жазғы мектептер ашу, сондай-ақ, аталған облыстық ҒСТ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау. Сонымен қатар, келелі кездесуге жиналған ғалымдар Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітәбін талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.
Кездесудің соңында облыстық ҚХА ҒСТ төрағасы В.Б.Молотов-Лучанский қатысушыларға облыстық ҚХА Ғылыми-сараптама тобына жаңадан қосылған мүшелерімен таныстырып, «БІЗДІҢ КҮШ БІРЛІКТЕ» тақырыбындағы әдістемелік материалдар жинағы және «БІРЛІКПЕН КЕМЕЛ БОЛАШАҚҚА» атты ғалымдармен қоғамдық ұйымдар көшбасшылардың мақалалар жинақтары ұсынылды.