Әр 5 жыл сайын мектеп ғимараттарының қауіпсіздігін тексеру керек - Аймағамбетов

30 Мамыр 2023, 16:00 1101

Мәжілістегі дөңгелек үстелде мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі талқыланып жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов депутаттардың тиісті заң жобасын дайындағанын атап өтті. Бұл заң жобасында бірнеше заң нормалары қарастырылған.

Мысалы, біздің айтып отырғанымыз әр 5 жыл сайын мектептердің, балабақша ғимараттарын сейсмикалық тұрғыда тексеру керек. Яғни, жалпы ғимараттардың қауіпсіздік талаптарын тексерген жөн. Екіншіден, күзет мекемелерімен келісімшарт мерзімі 1 жылға жасалады. Оны 1 жылдан 3 жылға созу мәселесін көтеріп жатырмыз. Үшіншіден, күзет қызметін сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жеңілдетуді ұсындық. Қазіргі уақытта мектепті күзетпен қамтамасыз етуге 6 айдан 1 жылға дейін уақыт кетеді, -деді Асхат Аймағамбетов.

Ол сол уақытта мектептер ешқандай күзетсіз отырады деп айтты. Күзет ұйымдарына талаптарды Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірге бекітсін. Қауіпсіздік мәселесі бойынша жауапкершілікті жергілікті әкімдікке жүктеуді заң жүзінде бекіту секілді ұсыныстар бар деп отыр.

 



Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: