"Ақжайық" футбол клубының экс-басшысы ұсталды. Бұл ақпаратты антикор растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық ФК» ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,-делінген агенттік мәліметінде.