Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарыла ма? Прокуратура жауап берді

31 Қазан, 12:04 1346

Сенат кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытай түрмесінде қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, осыдан бірер жыл бұрын прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі отандасымызды елге қайтару бойынша жұмыс басталған, ал бүгінде қандай жұмыс атқарылып жатқанына қатысты прокуратура өкілі жауап берді.

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты айтатын болсам, біз осы СІМ-мен бірлесе отырып Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салудамыз. Біз ол жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Ол жұмыс белсенді атқарылып жатыр. Менің ойымша, жақын арада оң шешімін табады, - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Оның айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбай жазасын елде өтегісі келеді.

Өз жазасын елде өтегісі келетіні жайлы арызы бізге келіп түскен. Ол елге келіп өтегісі келеді. Адвокаты бізбен тұрақты түрде байланыста, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: