Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы қаза тапқан «Елікті» паркінің басшысы сотталды

3 Мамыр, 10:21 1336

Көкшетау маңындағы Elikti Park тау шаңғысы кешенінің директоры сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сот үкімімен тау шаңғысы базасының директорына қызмет көрсету саласында үш жылға айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды, –деп қорытындылады Ақмола облысы Зеренді аудандық сотында.

Шаңғы курортының директоры демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді, соның салдарынан жасөспірім қайтыс болып, екі қыздың денсаулығына зиян келген. Қауіпсіздік шараларын түсіндірмей, баланы трассаға жіберген. Жасөспірім тік беткейден түсіп бара жатып, қоршалмаған ағашқа соқтығысып, жарақат алып, қайтыс болған.

Үш жарым айға созылған "Елікті парк" соты бүгін аяқталды. Ақмола облысы, Зеренді аудандық сотының судьясы Аида Каримова төрағалық еткен сот процесі жәбірленуші тараптың талабын оң нәтижеге шешті. "Елікті парктың" иесі сотталған жоқ. Оның жиені сотталды. Себебі, сол уақытта оның бизнесі уақытша сол жиенінің атына жазылған екен. Сот Әлихан сырғанаған күні де, одан бір апта кейін зардап шеккен Динара Муксулова мен Бірімжановалар сырғанаған уақытта да ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмағанын дәлелдеп, сотталушыға қауіпсіздігі ең төмен колонияға төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Біз олардың ұйымдасқан түрде баламызды тауда бір жарым сағат тығып тастағанын дәлелдей алмадық. Себебі, тауда баламның жатқанын көрген куәгерлердің сөздері әртүрлі шықты, – деп жазды ақын Серікзат Дүйсенғазы. 

Сот анықтағандай, жол бойындағы ағаштардың алдында ешқандай қорғаныс белгілері мен қоршаулар жоқ. Базада медициналық қызметкерлер жоқ, күтпеген жағдайларда әрекет ету алгоритмі жасалмаған.

Айта кетейік, 2023 жылы 2  қаңтарда Көкшетаудың маңындағы «Елікті парк»  тау шаңғы базасында ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жасар ұлы Әлихан ағашқа соғылып, көз жұмған еді. Ағаштың түбінде жатқан жасөспірімді де сырғанап жүрген демалушылар байқап хабар берген. Ешқандай алғашқы медициналық көмек көрсетілмеген.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: