«Ақыл айтпайтын адам қалды ма?». Мөлдір Әуелбекова оқырмандарын еңбектенуге шақырды

30 Қыркүйек, 12:24 588

38 жастағы қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желі арқылы тез баюдың жолдарын үйреткісі келетін коучтарды сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актриса әлеуметтік желіде түрлі курстар сатып, адамды алдағысы келетіндер мен солардың сөзіне иланатын адамдарға тоқтау болу керектігін алға тартты.

Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі? Instagram ашсаң, бәрі ақыл айтып жатыр… Соның ақылын тыңдасаң, курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң, байып кетеді екенсің-мыс… - дейді әнші.

Өнер адамы тынымсыз еңбектенген адам ғана табысты болатынын алға тартты.

Адам екі қол, екі аяқпен еңбектенсе ғана бай болады. Диваннан тұрып, жұмыс істе, кәсіп қыл. Қалғанының бәрі алдамшы, тұрақсыз, уақытша әңгіме! Шаршамадыңдар ма? Кішкене кідірсеңдерші, – деп жазды әнші.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: