«Ақтық демі үзілгенше адамдарды сабырға шақырды». Аман қалған жолаушы бортсерік туралы айтты

Кеше, 17:50 1490

Ақтау маңында апат болған ұшақ апатынан аман қалған жолаушы Субхонкул Рахимов батылдық пен ұстамдылық танытқан бортсерік туралы айтты. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Azerbaijan Airlines компаниясының апатқа ұшыраған әуе кемесінің қызметкері соңғы сәтке дейін адамдарды сабыр сақтауға шақырған.

Ұшқыштарға жақын тұрған борт серігі қорқынышты жағдайға қарамастан соңына дейін өз міндетін абыроймен атқарды. Әсіресе әйел адам үшін мұндай кезде сабыр сақтау өте қиын. Ал ол әзербайжан тілінде жолаушыларды даурықпай, сабыр сақтауға шақырды. Соның тапсырмасымен орындыққа сүйеніп, мықтап ұстап отырдым, - деді Рахимов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: