«Ақтөбенің» бұрынғы капитаны клубпен қош айтысты

5 Маусым 2023, 02:22 637

«Ақтөбенің» бұрынғы капитаны әрі аңыз ойыншысы Юрий Логвиненко командадан кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

34 жастағы Юрий спорттық директор қызметін атқарып келді. Сонымен қатар қаржы директоры Ғайнижамал Қанатбаева да клубтан кетті. 

Кеше әкім Ералы Тоғжанов «Шахтермен» (2:0) ойыннан кейін киім ауыстыру бөлмесінде клубтың жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке клубтың ардагері Сергей Куленко тағайындалды. 

 Бұған дейінгі басшы Ерлан Жамантаев денсаулығына байланысты жұмысынан кетті.

Берік Арманов
Бөлісу: