Ақтөбелік студенттер «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісімен марапатталды

6 Қаңтар, 17:21 672

Жұбанов университетінің 8 студенті «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткен «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтсақ, «Экология» білім бағдарламасының 4 курс студенті Абзал Бурабай, «Химия» білім бағдарламасының 4 курс студенті Гүлайым Алтай, «Биотехнология» білім бағдарламасының 2 курс студенті Перизат Төлепбергенова, «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім бағдарламасының 4 курс студенті Дильнара Ибадулла, «Қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті» білім бағдарламасының 4 курс студенті Аружан Бөгетбаева, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім бағдарламасының 3 курс студенттері Аяжан Қайыржанова және Аружан Сағиданова, «Музыка» білім бағдарламасының 4 курс студенті Нұрбол Жұмабаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы арасындағы жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісі, куәлік және І дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жансая Әділбек
Бөлісу: