Ақтөбелік құтқарушылар шахтада оқу-жаттығу өткізді

1 Желтоқсан 2023, 03:23 591

Ақтөбе облысы ТЖД «Қазхром» ТҰК «АҚ» «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының аумағында оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, онда жер астында 480 метр тереңдікте «КӘАҚҚ РО» ЖШС құтқару құрылымдарымен 3 сценарий бойынша: тау-кен қазбаларының құлауы, өрт және судың жарылуы сияқты авариялық жаттығулар жүргізілді.

Оқу-жаттығу және дайындықтың барысында қызметкерлердің іс-әрекеттері, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету және эвакуациялау бойынша құтқару құрылымдарының іс-әрекеттері пысықталды, сондай-ақ өртті сөндіру және судың жарылуын болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шараға Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің және Хромтау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.

Бұл оқу-жаттығулар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарының және күштер мен құралдардың міндеттерді шешуге дайындығы, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда адамдарды қорғау тәсілдерін жетілдірудің шынайылығын тексеру мақсатында өткізілді.

Берік Арманов
Бөлісу: