Ақтөбелік құтқарушы 200-дей адамды қайықпен құтқарған

30 Сәуір, 19:56 581
 
Ақтөбелік құтқарушы басын қатерге тігіп, 200-дей адамды қайықпен құтқарған. Бұл туралы «Біз біргеміз!» жалпы ұлттық телемарафонында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
17 жылдық жұмыс тәжірибиесінде 100-ден астам адамды өлімнен арашалап қалған құтқарушы Ерсайын Нұржановтың бұл қызметке келуіне әкесі себеп болған.
26 наурызда сағат таңғы 05:00-те қоңырау түсті. Қобда ауылына бағыттама берілді. Кейін жете сала халықты эвакуациялап, құтқаруға кірістік. Қауіпті деген аймақтарда қалып қойған тұрғындарды қайықпен көшірдік. Барлығы 200-ден аса тұрғынды құтқардық,- дейді құтқарушы.
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: