Ақтөбелік полицейлер сәбиін  шайханада қалдырып кеткен әйелді іздеп тапты

30 Қыркүйек 2023, 21:11 1008

29 қыркүйек күні жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді.

Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Әйелдің айтуынша, таныстарын кездестіріп, артынша  олармен алкогольді ішімдік ішкен.

Азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды.

Берік Арманов
Бөлісу: