Ақтөбелік азаматтан суық қару тәркіленді

2 Қараша 2023, 23:45 649

Ақтөбелік азаматтан пышақ, кастет және бетперде тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, биыл 1 қарашада Ақтөбе қаласындағы Байғанин көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 20 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-2107 автокөлігін тоқтатты.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тексеру кезінде жолаушы күдік тудырып оны полиция қызметкерлері тексерді. 19 жастағы жолаушыны тексеру кезінде қалтасынан жиналмалы пышақ, кастет және көз ұясы бар бетперде табылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігі (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, онда тергеушілерге тәркіленген заттар не үшін қажет екенін анықтайды.

Берік Арманов
Бөлісу: