Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға қажетті препараттар жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Альбумин, адреналин және ауырсынуды басатын дәрілер Ақтауға арнайы жүкпен жіберілді. Олар апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағынан зардап шеккендерді емдеу үшін қолданылады.
Ақтөбеден үш препараттың 150 флаконы көлікпен жіберілді. Ол ертең Ақтаудың медициналық мекемелеріне жеткізіледі.