Ақтөбедегі тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

9 Қараша, 15:29 546

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты ІІМ растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы хабарламасында.

Еске салсақ, 9 қарашада Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылы маңындағы аэродром аумағында МИ-8 тікұшағы апатты жағдайда қонып, артынша отын бактары өртенген. Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақ бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: