Ақтөбедегі мектепте оқушы қайтыс болды

14 Желтоқсан 2023, 16:07 1760

Ақтөбе мектептерінің бірінде 13 жасар оқушы көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға №27 мектепте болған. Белгілі болғандай, жетінші сынып оқушысы партаның бұрышыны соғылып құлап қалған.

Бәріміз үшін шок. Қызым бұл оқиға үшінші қабатта болғанын айтты. Ол сыныпқа жүгіріп кіріп келе жатып табалдырыққа сүрініп құлады, сол жерде партаның бұрышына ма, әлде үстелге ме, тамағымен соқылды, - деді мектептегі оқушылардың бірінің анасы.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаны растады.

13 жастағы бала үстелдің ұшына соғылған. Ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Ессіз жатқан. Тездетіп реанимация жасалды. Бірақ аман алып қалу мүмкін болмады, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: