Ақтөбеде зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды

5 Қыркүйек 2023, 06:18 978

Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды, полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды, - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.

Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Берік Арманов
Бөлісу: