Ақтөбеде жүргізушіге көмектеспек болған ер адам көз жұмды

18 Тамыз 2023, 17:09 1056

Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 18 тамызда Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе - Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген. Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен, - делінген мәліметте.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: