Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында жүк пойызы 25 ешкі мен қойды қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
polisia.kz мәліметінше, оқиға Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында болған. Жүк пойызының машинисі темір жолдарда жануарлардың болуына байланысты соқтығысуды болдырмау мақсатында шұғыл тежеуді қолданғаны айтылды.
Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутқа созылған. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол Ақтөбе облысының 64 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.
Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған, пойыз 25 ешкі мен қойды қағып кетті. Оның 20-сы өлді.