Ақтөбеде жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті

26 Мамыр 2023, 09:27 693

25 мамырда Ақтөбедегі Кирпичный аулында КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 10 жасар қызды қағып кетті.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған қыз Ақтөбе қаласының Ана мен баланы қорғау орталығына жатқызылды.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды барлық ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Бұл жаяу жүргіншілерге, электр скутерлеріне, мотоциклдерге және велосипедтерге қатысты. Бұл әсіресе жазғы демалыс қарсаңында маңызды, - делінген мәліметте.

Жыл басынан облыс аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 42 адам жарақат алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: