Ақтөбеде жолақы төлемеген оқушыға автобус жуғызған

Бүгiн, 10:02 157

Ақтөбеде оқушы автобустың еденін жууға мәжбүр болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбеде болған оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады.

Бала құқықтарының мұндай өрескел бұзылуына жол беруге болмайды. Комитет бұл әрекетті заңға қайшы деп санайды. Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын, сондай-ақ уақытылы шара қолданбаған қала әкімшілігінің әрекетсіздігі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көліктерде балалардың құқықтарын сақтауды қатаң бақылауды күшейтуге шақырамыз, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы 27 қаңтар күні баласының үйге кеш келгенін, жолақысын төлемеген соң автобус жүргізушісі оған еденді жуғызғанын айтып, көмек сұрады. Осы оқиғадан соң полицияға арыз да түсірген.

Полицияға арыз түсті. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Перизат Саденова
Бөлісу: